2021 жылғы «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап»

02.02.2021

2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы бұл жолы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» атты рухани-мәдени акциясы ұсынып отыр. Акция аясында ел болып оқитын кітаптар үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу сияқты дәстүрлерге мән беруге, рух, жан тазалығын, шынайы қасиеттерді сүйіп, толғанулармен оқырман жүрегінде орын табады деген сенімдеміз. Назарларыңызға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітаптың» тізімі ұсынылып отыр.

Поэзия

1. Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан»

2. Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным»

3. Ұлықбек Есдәулет «Киіз кітап»

4. Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы»

5. Тоқтарәлі Таңжарық «Түн парақтары»

6. Бақытжан Қанапиянов «Достояние души»

Проза

1. Тынымбай Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі»

2. Тобық Жармағамбетов «Отамалы» 

3. Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр»

4. Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет»

5. Дәурен Қуат «Бөрісоқпақ» 

6. Тұрысбек Сәукетай «Желқайық»

Драматургия

 1. Рахымжан Отарбаев «Айна ғұмыр» пьесалар жинағы 

 2. Дулат Исабеков «Жеті желкен» пьесалар жинағы

 3. Мәдина Омарова «Көмбе нанның дәмі»

 4. Думан Рамазан «Пешене» пьесалар жинағы

 5. Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» пьессалар жинағы 

 6. Сая Қасымбек « Жанталас» 

Балалар әдебиеті

 1. Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар»

 2. Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек»

 3. Марат Қабанбаев «Жиһангез Тити».

 4. Толымбек Әбдірайым «Алабұға аулаған күн»

 5. Зира Наурызбаева, Лиля Калаус «Алтын тостағанды іздеу»

  6. Мәди Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас».

Аударма

 1. Юсупов Кеңес, Габриель Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық» 

 2. Әдетов Бекболат, Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір» 

 3. Ахметов Әділ, Агата Кристи «Ғайып болған миллион»

 4. Меллат Төлеген, Халид Хусейн «Жарқыраған мың күн».

 5. Мәзен Динара, Ж.К. Роулинг «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме»

 6. Құрметұлы Амангелді, Орхан Памук «Менің атым – Қырмызы»