Балмағанбетов Хамит

03.02.2021

Балмағанбетов  Хамит  1919  жылы  7-ші  ауылда   Қарағашта туған. Ақмолада  орта  мектепті бітірген  соң   әскерге алынған   Отан  соғысының басынан  аяғына дейін қатысып  бір неше рет жараланған  Лейтенат  Балмағанбетов  Хамит  елге оралған  соң  Алматыдағы   КазМУ  дің  тарих   факультетіне  тусіп, ойдағыдай  бітіріп  шығады. Ұзақ  жыл  С .Сейфуллин  атындағы  темір жол  қазақ  орта  мектебінде  ұстаз болып   жүріп  зейнеткерлікке  шығып,  1996  жылы  қайтыс болды. Хамиттың  жұбайы  Хамитова  Тәлиға  да  ҚазМУ-ді  бітірген  тіл әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  болған. Бұл  екуі көп  балалы отбасы болды. Балаларының  бәрі  жоғары  дәрежелі  білім  алып,  ұлы  ұяға  қызы  қияға  қонды.