«Еліне есімі мәшһүр қаламгер»

03.02.2021

Жазушы Медеу Сәрсекеевтің туғанына 85 жыл толуына орай «Еліне есімі мәшһүр қаламгер» атты тақырыптық сөреге библиографиялық шолу жасалды. Шара мақсаты: Медеу Сәрсекеевтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, оқырмандарды елін, жерін, отанын сүюге тәрбиелеу.

Жазушы Медеу Сәрсекеев қазақ әдебиетінде ғылыми-қиял жанрының өрістеуіне айрықша үлес қосқан қаламгер. Оның қаламынан туған туындылар «Ғажайып сәуле», «Көрінбестің көлеңкесі», «Жетіжылдықтың жігіттері», «Кішкентай шахтер», «Жетінші толқын», «От және атом», «Қос мекенді адам», «Қаздар қайтқанда», «Айшықты мезет», «Туған жердің асылы», «Сәтбаев», «Қуғындалған Сәтбаев», «Қаныш елі», «Қазақтың Қанышы», «Қаныш Сәтбаев», «Дара дарын», «Жаңғырық», «Көмбе», «Тарақты және Қаракесек тарихы», «Абай тойы», «Мен білетін ер Ғабең», «Ебіней Бөкетов», «Ел жадында қалса игі», «Ноқталанған тарихшы», «Семей қасіреті» т.б. Қазақ тілінде 43 кітабы жарық көрген.