«ХХ ғасырдың Ыбырайы»

03.02.2021

Биыл балалар жазушысы Әдібай Табылдиевтың туғанына 95 жыл толу мерейтойына орай «ХХ ғасырдың Ыбырайы» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылып және тұрақты оқырмандарымыз жазушының шығармашылығындағы әңгімеге шағын көрініс көрсетіп, орыс тіліне аударылған өлеңін мәнерлеп оқып, қалың оқырманға әлеуметтік желілерде ұсынылды. Шара мақсаты: Балалар жазушысы Ә.Табылдиевтің өміріне шолу жасай отырып, қарымды жазушының шығармаларымен таныстыру, балаларды іздемпаздыққа, өз ойын мәнерлі, тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.