«Ұлттық гвардия – бірыңғай әскери отбасы»

03.02.2021

10-қаңтар Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардия күніне арналған «Ұлттық гвардия – бірыңғай әскери отбасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқырмандарды отанды сүюге, өз елін құрметтеп қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру.

Кітап көрмесінде «Көркемсуретті Қазақстан тарихы»,  Е.Өтетілеуұлы  «Әскери әліпби», Қ.Райымбеков «Сен білесің бе?»  энциклопедиясы, «Қазақ  батырлары» танымдық жинақ, «Қазақ  хандығы» (ІІ бөлім), «Қазақстан балалар» энциклопедиясы, «Абылай хан», «Бату хан», «Керей мен Жәнібек хандар», «Менің отаным – тәуелсіз Қазақстан», «ХХI ғасыр – Қазақстанның жұлдызды ғасыры» т.б. кітаптары оқырмандарға ұсынылып, танысытырылды.