«Абай оқулары»

05.02.2021

29 қаңтар.  Ж.Бектұров атындағы Қарағанды обылыстық жасөспірімдер кітапханасы, халқымыздың мақтанышы, рухани ұстазы, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығы мен мұрасын жастарға насихаттауда 2006 жылдан бастап «Абай оқулары» облыстық байқауын ұйымдастырып отыр.  Ақынның 175 жылдық мерей тойына орай Қарағанды облысының 15 пен 21 жас аралығындағы шығармашыл жастарының Хакім ақын Абайға деген шынайы сезіммен жүректерінен шыққан өрнекті өлендері мен эсселері енгізілген, «Абай жолы – дана жол» атты кітабы жарыққа шықты. Кітапқа жерлес жас ақындарымыз қатысты.