«Арай» ашық сырласу клубы

10.02.2021

Клубтың ұраны: Ашық сырласу

                              Мәселеге үн қосу

Клубтың қызметі: Тәрбиелік, насихатшылдық.

Клубтың мақсаты: Жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу, тұрпайы тәртіпсіздікке жол бермеуге, жаман жолдан аулақ ұстау, рухани әңгіме, кездесулерге жағдай жасау, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құқықтары мен міндеттері:

  • Клуб жұмысы жайлы әрбір клуб мүшесі өз ойын айтуға құқылы;
  • Әр клуб мүшесі клуб жұмысына белсенділік танытуға міндетті;
  • Клуб мүшесі клуб отырысына үнемі қатысуға міндетті;

Тәрбиелік қызметі:

           Ата дәстүрі бойынша ең әуелі әкені, содан соң ананы, ата  – бабаны құрметтеп, солардың алдында ұрпақтың борыштарын өтеу, ананың ақ сүтін, еңбегін өтеу, ата дәстүрлерін құрметтеп, одан әрі ол дәстүрлерді жалғастырып, адамгершілік қағидалардың парыз екенін түсіндіру.

«Арай» ашық сырласу клубының тарихы

      «Арай» ашық  сырласу клубы Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған

кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде 1993 жылдан бастап жұмысын атқарып келеді. «Арай» ашық сырласу клубы 13 жастан жоғары оқырмандармен жұмыс жүргізеді. Клуб мүшелігінде жылдың құралған жұмыс жоспары бойынша  клуб жетекшісі мен 8 құрам мүшелері сайланады. Клубтың атауы, ұраны, эмблемасы бар, бұлардың барлығы клубтың ортақ отырысында келісілген және Жаңаарқа ОКЖ-ның директорымен бекітілген. Клуб жұмысы тоқсанына бір рет өткізіледі.  Клуб жетекшісі мен клуб мүшелері жыл басында бас қосып, жиналыс барысында жұмыс жоспары талқыланып, қызығушылықтар бойынша клубтың отырыстарының күндері отырысқа клубтың барлық мүшелерінің қатысу мүмкіндігі ескеріле отырып клуб басшылығымен бекітіледі.

2021 жылы «Арай» ашық сырласу клубының жылдық жұмыс жоспары

Клуб атауы: «Арай ашық сырласу»

Клуб мүшелерінің саны: 8 адам

     
Тақырыбы: «Дәстүрлі және дәстүрлі емес оқудың зияны мен тиімділігі»

Мақсаты: Оқырмандар  болашақта кітап оқуға қызығушылықтарын ояту

Міндеті: жалпы мектеп оқушылары

дебат 12 наурыз

Сағат 15.00

Сатбаева Б
Тақырыбы: «Бозбала – Бойжеткен» өтпелі шақтағы жастардың психологиялық – физиологиялық өзгерістері тақырыбында кеңес алу

Мақсаты: Жан  күйзелісі және  одан арылту жолдары. Ата –аналарды жасөспірімдердің өтпелі кезеңіндегі қиындықтардың алдын –алу жұмыстарымен таныстыру.

Міндеті: жастар еріктілер тобы, Б.Амалбеков ЖОББ мектеп 10 сынып оқушылары

психологпен кездесу 21 сәуір

Сағат 15.00

Асылхан А
Тақырыбы: «Қыз өссе елдің көркі»

Мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, сұлулық, т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу.

Міндеті: №132 ЖОББ мектеп 9 сынып оқушылары, психолог мамандар

дөңгелек үстел 24 қыркүйек

Сағат 15.00

Сағынтаева З
Тақырыбы: «Сан сұраққа саяхат»

Мақсаты: Оқырмандарға әртүрлі тақырыпты меңгерте отырып, зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға шақыру.

Міндеті: Жастар ресурстық орталығы, О.Жұмабеков мектеп 9 сынып оқушылары

 

 Тренинг ойын 17 қараша

Сағат 15.00

Нығманова С