«КITAP TAXI» жобасы

10.02.2021

«Kitap taxi»  жобасы тоқсанына бір рет шығатын жоба.

Мақсаты: Жастарды кітапханаға тарту, сол арқылы кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Кітапты насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін пайдаланып, оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру бағытында жұмыс жүргізу.

2019 жыл – Жастар жылына орай ұйымдастырылған  жаңа жоба «Kitap taxi»  өз жұмысын бастауда. Жаңаарқа ауданының аялдамасында  такси күтіп  тұрған жолаушыларға тоқтаймыз. «Kitap taxi» мінген жолаушыларды айтқан жерлеріне тегін жеткізуге дайын. Бірақ ескерте кететін жайт бар, сіздер айтқан жерлеріңізге тегін жетесіздер егерде бізбен сұхбаттасып, сұрақтарға жауап берсеңіздер.  Ауданның қарапайым жолаушыларын жеткізу көлігінде керемет тосынсый күтіп тұр! Кез – келеген кездейсоқ жолаушы тегін жетіп қана қоймай, сыйлық немесе кітап ұтып алуға мүмкіндік алады. Әрбір жолаушыларға жұлдызды сәт сыйлайтын жарқын әрі ерекше жоба. 

«kitap taxi» – жобасында жолаушыларға кітапханадағы әртүрлі жанрдағы барлық кітаптар насихатталады.

«Entsiklopediya taxi» – жобасында жолаушыларға кітапханадағы тек  энциклопедиялар насихатталады.

2020 жылы Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «КITAP TAXI» және «Encyclopedya taxi» атты жоба қолға алынды. Жоба жұмысы тоқсанына бір рет өткізіліп отырады. Жобаның өз атауы, ұраны, эмблемасы бар. Жобаның жұмыс жоспары құрылып, Жаңаарқа ОКЖ-ның директорымен бекітілген.   

Мақсаты: Жастарды  кітапханаға тарту, сол арқылы кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Кітапты насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін пайдаланып, оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру бағытында жұмыс жүргізу.

Өткізілген іс-шаралар

2020 жылдың 20-ақпан күні   «Kitap taxi» жобасы аясында ұлы ақын, ойшыл, философ Абай Құананбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Ғасырлық туынды» атты Абай Құнанбайұлының әндері мен жырларына шеру жасалып, жолаушы оқырмандарымыз ақынның әуендері мен жырларын тауып, орындап  берді. Осылайша дұрыс жауап берген оқырмандар межелі бағытына тегін жеткізу қызметіне ие болды. 2020 жыл 17 –қараша  қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен  әрбір жолаушы оқырмандарға жұлдызды сәт сыйлайтын жарқын әрі ерекше «Kitap taxi» жобасының  екінші бөлімі «Encyclopedia taxi» жобасы жүзеге асырылды.

Жобаға қатысқан жолаушы берілген сұрақтарға тұшымды жауап беріп, караоке ән жасырылып, әннің атауы мен қай автор екенін тапты. Осылайша дұрыс жауап берген оқырмандар межелі бағытына дейін тегін жеткізу қызметіне ие болды және кітапханамыздың атынан Қасым Аманжоловтың «Жыр жазамын жүрегіммен» атты аудиокітабы сыйға тартылды.   2020 жылдың 30- желтосанында Жаңа жыл мерекесіне қарсаң «Kitap taxi» жобасы аясында «New Year in our region» (Жаңа жыл біздің ауданда) атты шара өткізілді. Жолаушыларымызға мерекелік көңіл-күй сыйлап, қызықты да көңілді ойындар ойнатылды. Шарада сергіп, тамаша мерекелік көңіл-күй сыйлаған кітапханашыларға өз  ризашылықтарын білдіруді де  ұмытпады.

 2020 жылдың 30 желтоқсан күні «New Year Taxi» атты жаңа жылдық мерекелік іс –шара өткізілді. Аудан тұрғындары мен оқырмандарымыздың жаңа жалдық көңіл- күйін көтеру мақсатында өткізілген іс –шарада жаңа жылдық ізгі ниетті ақ тілектер мен құттықтаулар, сыйлықтар табысталып, тұрғындарымызды межеленген жеріне дейін тегін жеткізілді.