Қалиақпар Әбілдин

10.02.2021

Қалиақпар Әбілдин  1935 жылы  Жаңаарқа  ауданының  орталығы  Атасу  кентінде туған. Қарағанды пединститутның  физика-математика  факультетін бітірген. Еңбекжолын  аудандық  комсомол  комитетінде  мектеп  бөлімінің  меңгерушісі  болып бастаған. 1958 жылдан  бастап  журналистік қызметке  ауысады. Аудандық «Жаңаарқа» газетінде бөлім  меңгерушісі,  жауапты  хатшы, 1976-1986 жылдар аралығында  оның  редактор, сол сияқты  Жезқазған облысы  құрылған  кезден бастап  он жылға  жуық облыстық «Жезқазған туы» кейінен Сарыарқа газетінің меншікті тілшісі болып қызымет атқарған. Әбілдин  газеттің  барлық  жанрында төгілтіп жаза білетін, оқырмандарға  кеңінен  танылған қаламы  ұшқыр  журналист. Қазақстан  журналистер  одағының  мүшесі. Сонымен  қатар өзіндік  өрнегі  бар талантты ақын. Өлеңдері мен поэмалары, толғаулары мерзімді баспасөз беттерінде жиі жарияланып отырған. Әдеби-этнографиялық «Өмір» журналының 4-ші кітабында ұзақ толғауы, «Атыңнан айналдым, Жаңаарқам» жинағына топтама  өлеңдері басылған.

Қалиақпар Әбілдиннің Ошақбай Суханберлин туралы жазған пікірі.

Жалынды жылдар жарқылы немесе есте сақталған екі сәт