«Өлке жазушысы»

12.02.2021

2021 жылы 5 ақпан күні «Өлке жазушысы» тақырыбымен Аладан Смайылдың 75 жылдық мерейтойына орай тақырыптық сөре жасалып, кітапханаға келген оқырманға жазушы библиографиясы мен кітаптарына шолу жасалды.

«Тұлға. Ұлт. Тарих.» атты публицистикалық-зерттеу еңбегінде ХХІ ғасырдағы қазақ қоғамының саяси-рухани негіздері жан-жақты зерттеледі. Мемлекет пен халықтың өміріндегі тұлғаның орны және ұлттың тарихы рөлі жайлы жаһандық философиялық тұжырымдар арқылы кеңінен баяндалған бұл кітапта.

«Тәңір соты» кітабына кейінгі жылдары повестері мен драмалық шығармалары еніп отыр.Қаламгер бұл еңбектерінде де өзіне тән көркем шеберлікпен адам бойындағы құбылыстардың психолргиялық астарларын ашады. Заман, қоғам, адам – осы үш құдіреттің өзара байланысы, бір-біріне ықпалы түрлі оқиғалар мен әрекеттер арқылы зерттеледі.

Алдан Смайылдың шығармалар жинағының бірінші кітапбында «Тамұқтан келген адам» романы, «Тайга» және «Арғымақ пен Агба» атты повестері, бір топ әңгімелері еніп отыр. Шығармалар жинағының екінші кітабында «Ақмола –Қараөткел тарихы» еңбегі – Алдан Смайылдың осы ежелгі өңірдің тарихын ұзақ уақыт зерттеудің нәтижесінде жазылған тарихи деректемелік туынды.