Дүйсенбеков Әбдәули

15.02.2021

Дүйсенбеков Әбдәули 1912 жылы 6-ші ауылда туған. Бірлік колхозының байырғы мүшесі. Аудан бойынша тұңғыш трактор рөліне отырған 32 жігіттің бірі. Соғысқа қатысып мүгедек болып оралған. Келген соң Бірлік колхозында ферме менгерушісі, МТС -та тракторист, С.Сейфуллин совхозында жұмыскер болған. Бірнеше орден медальдардың иегері. 1994 жылы қайтыс болған.