Әлімбаев Төкен

15.02.2021

Әлімбаев Төкен 1912 жылы Жаңаарқа ауданы 6-ші ауылда туған. Алғашқы мұғалімдердің бірі. 1933 жылы Атасу мойынсерігінде бастауыш мектеп  меңгерушісі болған. Одан сабақ алған Шубаев Кенбай, Ахметов Қыдырбай, Тілеуқабылов Ахметжан, Ахметов Тілеуқабыл Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан Оспанов Сейфулла журналист жазушы сияқты балалар дәріс алған. Төкен ескі әңгімелерді, қиссаларды көп білетін отырған жері қызық  думан азамат болған. Төкеннің інісі Әлімбаев Ахмет 1919 жылы туған. ҚазПИде оқып жүргенде әскерге алынған. Харьковте әскери мамандар даярлайтын бүкілодақтық учелищені бітірген. Сталинградта соғысып, хабарсыз кеткен. Төкеннен қалған балалар да жоғары дәрежелі білімді адамдар болып ержеткен.