«Алаш айнасы – Әлихан Бөкейханов»

01.03.2021

Түгіскен ауылдық кітапханасында ақпан айының 9 күні сағат 16.00 де «Алаш айнасы – Әлихан Бөкейханов» тақырыбында оқырман конференциясы өткізілді. Конференцияға 11- сынып оқушылары Қойшыбай Ақтілек, Көшмағанбет Байғали, Есенқұлов Жан, Мырзаханов Ерсін, 6 – сынып оқушысы Бақытжанқызы Ақниет, 5- сынып оқушысы Жұмабай Айгерім, Сәулетқызы Еркенұр қатысты. «Алаш айнасы – Әлихан Бөкейханов» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. « Әлихан Бөкейханов – қайраткер» тақырыбында Ж. Садуақасов атындағы ЖБО мектептің 11 – сынып оқушысы   Б. Көшмағанбетов презентация қорғап, оқырмандарды ұлт зиялысының өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырды.