«Ғасыр ақыны»

02.03.2021

Ақтүбек ауылдық кітапханасы ақпан айының 9 күні «Ғасыр ақыны» атты кітап көрмесі өткізілді. Ұлтының тарихы мен салт-дәстүрі, тілі мен ділі, ары мен намысы, ұрпағының қамы үшін қысқа ғұмырында қалам қарымымен өз дәуірінің шындығын шымыр жырмен кестелеп кеткен ерен ақындардың бірегейі Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы насихатталды.