«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»

02.03.2021

Орынбай ауылдық үлгілі  кітапханасында 9 ақпан күні сағат 15:00 де кітапханада ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Ғасыр ақыны» атты әдеби караоке, «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. М.Мақатаевтың шығармашылық мұрасында аудармалар ерекше орын алады. Ақын өзінің қысқа өмірінде Шекспирдің сонеттерін, Уитменнің «Шөп жапырақтарын» және Дантенің «Құдіретті комедиясы» өлеңдерін ана тілінде сөйлетті. Оның орыс классиктерінің шығармаларын шебер аударғанының арқасында Александр Блок, Николай Некрасов, Александр Пушкиннің шығармалары қазақ оқырманына жол тартты.Ақиық ақынның дарынына өмірден өткен соң ғана лайықты баға берілгенімен Мұқағалидың өлеңдері ақынның көзі тірісінде-ақ халқының сүйіспеншілігіне бөленді. Шараға 3 сынып оқушысы Жанат Медина, 4 сынып оқушысы Досай Еркеназ және 9 сынып оқушысы Жанатұлы Жандос шараға белсене қатысты.