«Асқар таудай жыр алыбы»

03.03.2021

С.Сейфуллин ауылдық кітапханасында ақпан айының 26 күні сағат 11.00де «Асқар таудай жыр алыбы» атты кітап көрмесі мен поэтикалық марафон өткізілді. Кітап көрмесінде ақынның кітаптары, мерзімдік басылымдардан мәліметтер, дәйек сөздер, ақын туралы айтқан пікірлер қойылды. оқырмандарға жүз жасаған жыр алыбы Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған мәліметтері бойынша және өлеңдерін мәнерлеп айтқызып, қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндірілді. Поэтикалық марафонда 5-6 сынып оқушылары Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін оқыды. Жыр алыбы Жамбылдың ақындық таланттын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.