«Жыр дүлдүлі»

03.03.2021

Ақтүбек ауылдық кітапханасында 24 ақпан жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығына орай кітапханамызда «Жыр дүлдүлі» тақырыбында әдеби вернисаж ұйымдастырылды. Жамбылдың қанатты жырлары әлемнің елуге тарта тіліне аударылып, миллиондардың жүргегіне ізгілік нұрын септі. Шара барысында Жамбыл атамыздың өшпес өнерін насихаттау мақсатында Ақтүбек ЖББ мектебінің орта буын оқушылары ақынның поэзиясын оқып, кітапханашы Б.Анишева өмір жолына библиографиялық шолу жасады. Оқушылар  «Жамбыл мен Құлманбеттің айтысын» оқу арқылы суырыпсалма өнеріне дағдыланды. Қазақ халқының жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың лирикалық, философиялық өлеңдері мен айтыстары, тарихи-эпикалық дастандарын жас ұрпаққа берер үлгі-өнегесін насихаттау.

Ақындық талантын оқырман жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген  сүйіспеншілігін ояту.