«Салық Зиманов – ұлттық құқықтық жүйенің негізін қалаушысы»

03.03.2021

2021 жылдың 24 ақпаны күні Жаңаарқа ауданаралық Әділет басқармасымен бірге қоғам және мемлекеттік ірі қайраткер тұлға, заңгер ғалым, Салық Зимановтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Салық Зиманов – ұлттық құқықтық жүйенің негізін қалаушысы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында білікті заңгер маман егемендік, тәуелсіздік жолын таңдаған Қазақстанның халықаралық қарым-қатынастарын заңдастырып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру, президенттік басқару институтын енгізу, құқықтық-демократиялық реформаларды жүргізу ісіне, т. б. белсене араласқан тау тұлға туралы Жаңаарқа ауданаралық Әділет басқармасының басшысы Абдразақов Абылқадыр Кауринович сөз қозғады.
Жаңаарқа ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбжанов Амангелді ағамызға бен еңбек ардагері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Нығатайұлы Амантай ағаларымыз Салық Зимановтың өмір жолына тоқталып, көбі біле бермейтін тың ақпараттармен бөлісті. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ботагөз Тауханқызы Салық Зимановтың кітаптары мен шығармаларына библиографиялық шолу жасады және де презентациямен таныстырып өтті.