“Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына-30 кітап”

03.03.2021

Орынбай ауылдық кітапханасында 23 ақпан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты “Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына-30 кітап” рухани-мәдени акциясы ұсынылды. Акция аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылған жыл кітаптары үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу сияқты дәстүрлерге мән беруге, рух, жан тазалығын, шынайы қасиеттерді сүйіп, толғануға бағытталған “Отыз жылдыққа отыз кітап” таңдалды. Оқырмандарды кітапқа деген қызығушылықтарын ояту, ұлттық әдебиеттің үздік шығармаларын оқу және насихаттау, білім беру үрдісіне ықпал ету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған. Қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.