«Қазағымның палуаны»

19.04.2021

Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасы 5 сәуір күні Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына  150 жыл толуына орай «Қазағымның палуаны» сұрақ-жауап турнирі өтті. Іс-шарада тақырыптық көрме ұйымдастырылды.  Көрмеге Қажымұқан палуан туралы жазған кітаптар естеліктер қойылды және балуанның фотосуреттері қойылды. Іс-шара барысында қазақтан шыққан тұңғыш палуан Қажымұқанның өмір тарихы таныстырылып, спорт өнеріндегі жеткен жетістіктері туралы айтылды. Іс-шараның мақсаты: Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірімен таныстыру, балуан туралы білетіндерін еске түсіру. Батырдың өшпес өнегесін насихаттау, қазақ елінің мақтанышы, алып күш иесі болғанын түсіндіру