“Жеті қазына – өмір қажеті”

30.04.2021

Жеті қазына —қазақтың дәстүрлі дүние танымдағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады. Жүйрік ат; қыран бүркіт; құмай тазы; берен мылтық;қанды ауыз қақпан; майланғыш  ау өткір кездік.Ер жігіттің жүйрік аты — қанаты. Қыран бүркіт — қуаты. Құмай тазысы — абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы — қаһарлы оты. Қақпаны — серті, ауы — әдіс-айласы, кездігі — сұсы. Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан. Қазақ халқының Жеті қазынаны — жеті ырысы деп атауының да мәні осында. Осы орайда оқырмандар назарына “Жеті қазына – өмір қажеті” атты танымдық ақпарат сағатын ұсындық