Байшағаров Әдіш 1905 ж. 6- ауылда туған. Соғыстан аман оралған соң бұрынғы орыны Жаңаарқа локомотив депосының отын қоймасында еңбек етіп зеинеткерлікке шыққан. 1990 ж. қайтыс болған. Әбіштің 1954 жылы туған Есімжан деген баласы Москвада киноматографиялық институтта оқыған, 1994 жылы поезд кағып қайтыс болған.
Баймағанбетов Әкпар 1899 ж. 7- ауылда туған. Ынталы колхозында еңбек етіп жургенде 1941 жылы соғыска жөнелтілді. 1943 жылы ауыр жараланып, елге оралды. Ынталы колхозында, совхоз ұйымдасқан соң Рассвет совхозында жұмыс істеп, 1968 ж. қайтыс болды.