«Кітапхана, спорт және кітап» атты кітап көрмесі

22.08.2019

Тамыздың 19-шы жұлдызында «18-ші тамыз Спорт күніне» орай  балалар  кітапханасының кітапханашыларының ұйымдастыруымен  О.Баубеков атындағы демалыс саябағында «Кітапхана, спорт және кітап» атты кітап көрмесі өтті. Бұл іс-шараға Ю.А.Гагарин атындағы ЖОББ мектебінің «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің  бүлдіршіндері қатысты. Кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, әлемге танымал және  туған өлемізден шыққан атақты спортшылар туралы айтылып,  жан – жақты насихатталды.  Кітап көрмесінде  «Қазақ балуандары IV том. Дзюдо күресі: Читать далее

«Отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі» танымдық кеші

22.08.2019

Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы мен бақытты жүзі. Отбасы деген шағын ғана мемлекетіміздің берік те, бақытты болуы үшін ең бастысы өзгелерді, соның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек. Ұлт өмірінің іргетасы, негізін қалаушы – отбасы болса, отбасының іргетасы – бала. Ал бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержетеді. Осы отбасылық ұғымды насихаттау мақсатында тамыз айының 12-ші жұлдызы күні балалар кітапханасы Ю.А.Гагарин атындағы ЖОББ Читать далее

«Табиғатты аялау – халық даналығы» атты кітап көрмесі

22.08.2019

Тамыз айының 5-ші жұлдызында балалар кітапханасы жас бүлдіршіндерге “Табиғат пен адам” арасындағы үйлесімділік жайлы түсінік беру мақсатында О.Баубекұлы атындағы жазғы саябақ алаңында «Табиғатты аялау – халық даналығы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық шолу жасады. Шараға Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ-ның «Күншуақ» жазғы балалар лагерінің тәрбиеленушілері қатысты. Мақсаты: оқушыларға табиғатымызды аялап орман – тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән беруі туралы түсінік беру, табиғат пен адам бір-бірінен ажырамас ұғым Читать далее

«Қызық екен» интеллектуалды ойыны

22.08.2019

31-ші шілде күні балалар кітапханасының оқу залында «Жаздық оқулар» бағдарламасы аясында «Қызық екен» интеллектуалды ойыны Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ-ның «Күншуақ» ІІІ маусым жазғы лагерінің балаларымен өткізілді. Шара мақсаты ғылымға, білімге құштарлығын ояту, логикалық ойын дамыту, қазақ әдебиеті мен мәдениеті жайлы ой-өрісін кеңейту, жылдам ойлап, әрі тез жауап беруге баулу.

Шара барысында қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 95 жылдық мерейтойына орай шығармаларынан үзінділер және де әлемдегі түрлі қызықтарға, зерттеулерге негізделген сұрақтар қойылды. Читать далее

Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты кітабын дауыстап оқу

22.08.2019

Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасының абонемент бөлімінде 30-шы шілде күні Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ-ның жазғы «Арай» демалыс лагерінің балаларының қатысуымен «Менің атым Қожа» атты кітабына дауыстап оқу өткізілді. Шара барысында «Қожа» туралы оқушылардың ойы тыңдалып, сұрақтар қойылды. Сонымен қатар мектеп өмірі, ауыл балаларының балдәурен шағы қызықты да, тартымды суреттелген бұл шығарма балаларға қатты ұнады. Арнайы жасалған Қожа бейнесімен балалар естелік суретке түсті.

«Шығарманы дауыстап оқуда ең басты мақсатымыз жақсылыққа тәрбиелеу. Өмірде Читать далее

«Кітапхананың жазғы алаңы» апталығы

22.08.2019

29-ші шілде күні «Жаздық оқулар» бағдарламасы бойынша балалар кітапханасының оқу залында «Кітапхананың жазғы алаңы» тақырыбында дауыстап оқу ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған шараға № 132 ЖОББ мектебінің «Еркемай» жазғы сауықтыру лагерінің кішкентай оқырмандары қатысты. Іс – шара барысында «Шалқан», «Қызыл телпек», «Үйшік», «Бауырсақ» және «Жеті лақ» ертегілері дауыстап оқылды. Кітапхана қызметкерлері аталмыш ертегілер кейіпкерлерінің мінез – құлықына, істеріне баға бере отырып, балаларды жақсылық пен қайырымдылыққа шақырды. Сонымен қатар, «Ашық аспан астындағы кітапхана» Читать далее

«Жүйрік болсаң, озып көр!» квест ойыны

31.07.2019

Жаз айының жайма шуақ күндерінде жазғы демалыста жүрген балаларға арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып отырады. 18 шілде күні  О.Баубеков атындағы демалыс саябағында Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ-нің «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің және О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ-нің «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің балаларының қатысуымен «Ашық аспан астындағы кітапхана» жазғы дәстүрлі акциясы аясында «Жүйрік болсаң, озып көр!» квест ойыны өткізілді.

Квест ойынының мақсаты баланың ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Төзімділік, жылдамдық, Читать далее

” Жүсіпбек Аймауытов – әдебиет сыншысы ” атты әңгіме сағаты

31.07.2019

ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Биыл Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 130 жыл толып отыр. Балалар кітапханасы ақын шығармашылығын дәріптеуде 9 шілде күні  Ю.А.Гагарин атындағы ЖОББМ-нің «Мөлдір бұлақ», ІІ маусым жазғы  мектебінің сауықтыру лагерінің балаларына, 5-6 сынып оқушыларына ” Жүсіпбек Аймауытов – әдебиет сыншысы ” атты әңгіме Читать далее

«Арқа төсіндегі ару қала» атты кітап көрмесі

31.07.2019

Астанамыз Нұр-Сұлтан – Қазақстанның жаңаруының нышаны, оның көп ұлтты халқының жасампаз күш-қуатының куәсі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойған болатын.

4-шілде күні Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен «6 шілде Нұр-Сұлтан қаласы күніне» орай «Арқа төсіндегі ару қала» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға таныстырылды. Оқырмандар назарына жаңа Читать далее