«Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны» атты дөңгелек үстелі

22.08.2019

1 тамыз күні тұрақты оқырмандардың қатысуымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс –шараның мақсаты: Алма мен қызғалдақтың түрлері мен шығу тарихымен таныстыру, келер жас  ұрпақтарды туған жерінде игі іспен айналысуға баулу. Шараға 7 оқырман қатысты.

«Салауатты өмір салтын қолдау баршаға парыз» айдары тақырыбы бойынша медицина мамандары мен аудан тұрғындарынан сұқбат алынды

22.08.2019

23 шілде күні Елбасының «Қазақстан – 2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселенің бірі «Салауатты өмір салтын қолдау баршаға парыз» айдары тақырыбы бойынша медицина мамандары мен аудан тұрғындарынан сұқбат алынды. Сұқбат барысында тақырып бойынша бірнеше маңызды сұрақтар қойылып, тұрғындардың ой – пікірлері тыңдалды. Аудан тұрғындарын, жастарды жеке бас гигенасын және қоғамдық тазалық сақтауға, спортпен айналысып, зиянды нәрселерден аулақ болуға шақырдық.

«Жүрегімнің жыры сен- домбыра» атты библио – керуен

22.08.2019

Ұлттық домбыра күніне орай 19 шілде күні «Жүрегімнің жыры сен- домбыра» атты библио – керуен жас ұстаздар арасында өткізілді.  Мақсаты: Ұлттық дәстүр мен салт – сана тағылымын жас жеткіншектердің  бойына дарытып, оның жан дүниесін ояту, өнерге деген ынтасын арттыру, қазақтың қасиетті де, киелі қара  домбырасынын дәріптеу.

Домбыра қарапайым  халықтың қуанышы  мен  қайғысын бір күйдің ішіне сыйдырған, қазақтың қастерлеп үкі тағып, жалғызындай аялап қақ Читать далее

«Тарихы терең елордам» тақырыбында кітап көрмесі

22.08.2019

Нұр– Сұлтан – қазақ елінің алтын әріппен жазылған бас қаласы. Сонымен қатар, жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі, сан ғасыр аңсап күткен азаматтығымыздың, тәуелсіздігіміздің биік ордасы іспеттес. Бұл күнде етек жайып, талайларды тамсантып, гүлденіп келе жатқан елордамыз – біздің мақтанышымыз! Осы орайда, Нұр – Сұлтан қаласы күніне орай 5 шілде күні «Тарихы терең елордам» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, қаламыздың өткені мен бүгініне шолу жасалды. Шара барысында жастар қауымынан «Елорда – Читать далее