Ағыбай батыр

25.01.2016


agybai_batyrАғыбай батыр
(1802-1885) – руы Шұбыртпалы, Ресей отаршылдығына қарсы күрестің қаһарманы, Кенесары ханның бас батыры. Кенесары көтерілісінің басынан аяғына дейін қатысқан. 1826-47 жж. Қарқаралы, Ақмола бекіністерін, Жаңаарқа жеріндегі Ақтау бекінісін (1838) шабуылдауды, Симановтың, Рытовтың әскери топтарын құртып жіберуді ұйымдастырған. Ырғыз, Тобыл өзендерінің бойындағы,  Қызылжар, Көкшетау маңындағы шайқастарда орыс әскерін ойсырата жеңген ұрыстарды басқарған. Кенесары қаза болғаннан кейін орыс әскеріне қарсы Сыздық төренің қолы құрамында күрес жүргізген. 1849 жылға дейін Читать далее

Амантай батыр

25.01.2016

           Амантай батыр. Руы Тама. Кеңес одағының батыры Амантай Дәулетбеков Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында 1917 жылы туған. Әскер қатарына 1939 жылы шықырылып, әскери қызметін Шығыста бастайды. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін Амантай 1942 жылдың жазында көп солдаттармен қоса Брянск майданына жіберілді. Ол 13 – Армияға қарасты танктерді ататын 1180-полктың артиллериялық тобының командирі болады. Ол өзінің жауға қарсы алғашқы шайқасын сол 1942 жылғы жазда Орел облысындағы Читать далее

Күшікбай батыр

25.01.2016

Күшікбай батыр. Руы Тоқа Бесім. Мырзамбетұлы Күшікбай батыр Жасыбай батырдың немересі. Бұл кісі шамамен 1787 жылдар шамасында туып, 1853 жылдардың мұғдарында дүние салған. Мырзамбеттен туған 8 ұлдың үлкені. Мырзамбеттің ағасы Қалманбетте бала болмаған. Содан інісінің алғашқы туған ұлдары Күшікбай мен Ескенені бала ғып алған. Екі болыс Енең Тоқасы атанатын рудың аруақ шақырар ұраны Күшікбай болған. Күшікбай батыр тек қара күштің ғана иесі емес, ел қамын ойлаған ойлы адам болған. Читать далее

Нияз батыр

25.01.2016

Нияз батыр Руы Алтай Сайдалы Барқыұлы Нияз 1688 жылдардың шамасында туып, (120 жасаған) 1808 жылдардың мұғдарында қайтыс болып Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі қорымға жерленген. Түркістанға қойылған қазақтың айтулы адамдарының тізімінде Нияз батырдың да аты бар. Нияз батыр туралы атадан балаға жеткен аңыз әңгімелері көп. Соның ең бастысы Ұлытауда аң аулап сейіл құрып жүргенде Қалдан-Церен жасақтары тұтқындап әкеткен Абылай сұлтан мен Аралбай батырдың 15 жасар Өмір деген баласын босатып әкелуі.

Аңыз-әңгімелерді Читать далее