Түсбаев Ғалым

21.02.2016

Galym_TusbaevТүсбаев Ғалым – 1938 жылы Жаңаарқа ауданы №6 ауылда дүниеге келген. Дәрігер, Қарағанды медицина институтының түлегі (1962). Медицина ғылымдарының кандидаты (1967). 1962-75 жж. аралығында Қарағанды медицина институтында топографиялық анатомия және оперативтік хирургия кафедрасының аспиранты, ассистенті, доценті болған. 1975-82 жж. Бүкілодақтық хирургия ғылыми орталығының шағын хирургия зертханасының аға ғылыми қызметкері, КСРО медицина ғылымдары Академиясы Сібір бөлімінің зертханасының ғылыми қызметкері болып, белгілі академиктер Б.Огневтің және Ю.Бородиннің жетекшілігімен еңбек етті. 1985-2002 жж. Қарағанды Читать далее

Хасенов Әмеди

21.02.2016

Amedi_HasenovХасенов Әмеди (1927-1990) – Жаңаарқа ауданы Ақтау өңірінде туған. Тіл білімі маманы, филология ғылымының кандидаты (1955), профессор (1988). ҚазПИ-ді бітірген (1949). 1952-57 жж. Алматы шетел тілдері институтында орыс тілі кафедрасының меңгерушісі, жоғары партия мектебінің оқытушысы, Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, 1957 жылдан өмірінің аяғына дейін шетел тілдері педагогикалық институтында аға оқытушы, доцент, қазақ және орыс тілдері, қазақ және жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, профессоры болды. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ Читать далее

Шаханов Еламан

21.02.2016

Elaman_ShahanovШаханов Еламан – 1944 жылы Жаңаарқа ауданында туған. Ғалым-агроном, биология ғылымдарының докторы (1991), профессор (1992). ҚР ҰҒА-ның академигі (1994). ҚР еңбегі сіңген қайраткері (2007). ҚР ҰҒА ауылшаруашылық бөлімінің бюро мүшесі, көптеген ғылыми кеңестер мен ғылыми қоғамдардың мүшесі. Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтының агрономия факультетін бітірген (1967). 1967-71 жж. Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтында селекция және тұқым шаруашылығы кафедрасының аспиранты, сонда ұстаз, 1971-93 жж. Қазақтың жемшөп және мал жайылымы ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға Читать далее

Ізтілеуова Салтанат

21.02.2016

Saltanat_DalbaikyzyІзтілеуова Салтанат Далбайқызы – 1955 жылы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде туған. Әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы. Шәкәрімтанушы, Шәкәрім атындағы ғылыми-зерттеу институтының директоры. «Шәкәрімнің сырлы сөзі», «Шәкәрімнің сөз әлемі», «Шәкәрімтану», «Шәкәрімнің шеберлігі», «Зият Шәкәрімұлы» атты зерттеу кітаптарының, елуден астам ғылыми-зерттеу мақалалардың авторы.

 Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-470 бет.

2.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-479 бет.