Әбілдина Қарақат

21.02.2016

Karakat_AbildinaӘбілдина Қарақат

Әбілдина Қарақат Түлкібайқызы 1978 жылы 6 сәуірде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. 1996 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясына түсіп, осы оқу орынын 2000 жылы домбырада халық әндерін орындау класы бойынша бітіріп шығады. 1998 – 2003 жылдар арлығында Мемлекеттік «Салтанат» ән-би ансамблінде жұмыс істеген.  Ал 2001 жылы халақаралық «Шабыт 2001» байқауына қатысып дипломант атанады.  2003 жылыдан бастап Мемлекеттік «Гүлдер» ансамбілінде алдыңғы Читать далее

Байбосынов Ахат

21.02.2016

Akhat_BaybosynobАхат Байбосынов – 1957 жылы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген. Күйші-сазгер. Орта мектепті бітірген соң, Жаңаарқа аудандық мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі болып істеген. Жезқазған музыка училищесін бітірген соң «Қаракөз», «Жезкиік», «Ұлытау» ән-күй ансамбльдерінің мүшесі ретінде Алмания, Франция, Ресей қалаларында гастрольдік сапарлармен болған. Жезқазған облыстық филармониясында 30 жылдай қызмет атқарған. А.Байбосыновтың репертуарында 100-ден астам күйлер бар. Өзі шығарған «Аққу үні», «Ор киік», «Төрт тұлға», «Тұңғиық», «Ұлытау», т.б. күйлердің, «Шашу», «Қаныш Читать далее

Байбосынов Қайрат

21.02.2016

613hkl0zҚайрат Әукенұлы Байбосынов 1950-ші жылы 1 маусымда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Бала жастан күй өнері мен ән өнеріне сусындап, Тоқаның,Сүгірдің, Тәттімбеттің, Мұхамеджанның күйлерін тыңдап өскен. Қайраттың әкесі Әукен қобызда, домбырада жақсы ойнап, той-томалақтарда ән де салатын болған. Әкенің өнері бала Қайратқа әсер етті.

1967 жылы Алматы қаласындағы эстрада-цирк студиясына қабылданған. Өнердегі ұстазы атақты Жүсіпбек Елебеков. Ақанның, Біржанның, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса мен Естайдың әндері Қайраттың орындауында қайта Читать далее

Бимендина Рымгүл

21.02.2016

Rymkul_BimendinaРымкүл Исатайқызы Бимендина – 1942 жылы Жаңаарқа ауданында туған. Қобызшы, халық аспаптары оркестрінің дирежері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері (2005). Қарағанды музыкалық училищесін (1964), ҚарПИ-дің музыка факультетін (1970), Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірген (1984). ҚарПИ-де оқытушы болып істеген. Қарағандының мамандандырылған дарынды балаларға арналған орта музыка мектебінің аға оқытушысы. 1968 жылы Қарағандыдағы кеншілердің мәдениет сарайында «Ғасырлар сазы» атты халықтық ұлт-аспаптар оркестрін құрды. Өлкетану ісімен айналысып, белгілі тұлғалар туралы тарихи мақалалар жазумен шұғылданады. Читать далее

Есенов Қорабай

21.02.2016

-Қорабай Әбікенұлы Есенов 1948 жылы Жаңаарқа ауданы Атасу поселкасында туған. Әкесі Әбікен өлең шығаратын, әрі домбырашы, балуан адам болған. Қорабай орта мектептен кейін Целиноград ауылшаруашылық институтын бітірген. Мектеп қабырғасынан көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысқан Қорабай институтта оқыған жылдары өнерін шыңдай түсіп, ел аузына іліккен. Гитараға қосылып орындаған әндері республика көлеміне кеңінен тарап, жастардың жиі және сүйіп айтатын әндеріне айналады. Әсіресе, Қ.Есеновтың жерглікті әуесқой композитор Ж.Әлімхановпен шығармашылық одағы өте жемісті болған. К.Салықовтың өлеңдеріне Читать далее

Кемалұлы Жақсыкелді

21.02.2016

Zhaksykeldi_KemelovКемалұлы Жақсыкелді 1960 жылы бұрынғы «Дружба» совхозының Ақтүбек бөлімшесінде туған. Әнші, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің оқытушысы. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1992). Ресей-Қазақстан гуманитарлық университетін бітірген. Бірінші республикалық «Жігер» (Алматы, 1985), республикалық «Жастар дауысы» (Алматы, 1987) фестивальдерінің лауреаты. Көптеген шет елдерде өнер көрсеткен. 1988 жылдан бері Қарағандыдағы Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншісі. Репертуарында қазақтың халық әндері басым. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

 Пайдаланылған әдебиетттер:

1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-268 бет.

2.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-357 бет.

Көшенов Береке

21.02.2016

Bereke_KoshenovКөшенов Береке – 1949 жылы Жаңаарқа ауданында туған. әнші, сазгер, ақын, ҚР еңбек сіңірген әртісі (1998). Жезқазған қаласының құрметті азаматы (2004). Қарқаралы малдәрігерлік техникумын бітірген (1971). ВЦСПС-тің «Көркемөнердегі жетістігі үшін» VigRx Plus медалімен марапатталған (1988). 1975 жылдан «Жезкиік» ансамблінің әншісі, жетекшісі. Көптеген шет елдерде өнер көрсеткен. Әндері Қазақ радиосының алтын қорына жазылған. Қарағанды облыстық мәдениет Департаментінің «Өнер тарланы» сыйлығының иегері (2005).

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-276 бет.

Қасейінов Дүйсен

21.02.2016

Duisen_KaseinovДүйсен Қорабайұлы Қасейінов 1947 жылы туған. Жаңаарқаның түлегі. Скрипкашы, профессор, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1984). «Тарлан» сыйлығының лауреаты. Тәттімбет атындағы Қарағанды музыка училищесін (1965), Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік өнер институтын (1970) бітірген. Қазақ радиосы мен теледидары камералық оркестрінің әртісі (1966-70), П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының ассистент-стажері (1970-72), Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аға оқытушысы (1972-1978), КСРО Мәдениет министрлігі музыканттар тобының жеекшісі, Мехико қаласы филармония оркестрінің әртісі (1978-81), Құрманғазы атындағы Читать далее

Мұхамедин Ғалым

21.02.2016

434_2761b0a7a721dc2b8e06c2f8f57be21bҒалым Мұхамедин Жаңаарқа ауданы Талдыбұлақта 1952 жылы туған. Орта мектепті бітірген соң республикалық эстрада өнері студиясында Ж.Елебеков класын 1975 жылы бітірген.

Ғалым Мұхамедин 1985 жылы жастардың республикалық Ә.Қашаубаев атындағы байқаудың жүлдегері болды. 1975 жылдан бері Жезқазғандағы Тайжан buy Қалмағанбетов атындағы филармонияның әншісі. Репертуарында халық композиторлары Біржанның, Жаяу Мұсаның, Ақан серінің, Ыбырайдың, Мәдидің әндері басым.

            1995 жылы Қазақстан Республикасының еңбек Читать далее

Омаров Игілік

21.02.2016

Iglik_OmarovИгілік Омарұлы 1934 жылы 24 сәуірде туған. Әкесі Омар жас кезінде көп айтысқан ақын болған. Игілік әнді 5-6 жасынан бастап айта бастайды. Мектепке бармай тұрғанда-ақ әнші Марқаба Шайкөзова деген қызға еріп аудандық, 二元期权平台 облыстық байқауларға қатысып, жүлде алған. Облыстық байқауда озып шыққан баланы Алматыға баруға жолдама береді. Үлкен шешесі Қошан ақсақалдың әйелі Зүкіш «өзім қоса бармасам немеремді жалғыз жібермеймін» деп алып қалған.

Содан кейін Игіліктің өнер көрсету жолы 1949 жылы Читать далее