Аманбаев Мейірхан

21.02.2016

amanbaebАманбаев Мейірхан Тапашұлы – 1954 жылы Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек ауылында туған. Алматы дене тәрбиесі институтының түлегі (1976). Самбодан және қазақ күресінен спорт шебері. Орта Азия және Қазақстан біріншіліктерінің екі дүркін чемпионы (1974-75). Самбо күресінен ҚазКСР кубогінің иегері, 1972-75 жылдар аралығында Қарағандыда самбодан өткен космонавтар Пацаев, Волков, добровольский атындағы турнирдің екі мәрте жүлдегері. Жаңаарқа ауданы Дружба орта мектебінде мұғалім, Көктал орта мектебінде 17 жыл директор болып істеді. 2008 жылдан Атасу Читать далее

Байшолақов Жандос

21.02.2016

Байшолақов Жандос Сайранұлы – 1973 ж. Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде туған. Қазақ спорт және туризм академиясын «дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша бітірген. Дзю-до күресінен спорт шеберлігіне үміткер. Самбо, дзю-до күрестерінен ҚР біріншіліктерінің, республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-252 бет.

2.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-133 бет.

Байшолақов Жасұлан

21.02.2016

Байшолақов Жасұлан Сайранұлы – 1971 жылы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде туған. Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген (2002). Самбо күресінен халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері (1990). Жоғарғы санаттағы оқытушы-жаттықтырушы (2004). ҚР жастар арасындағы чемпионы (1971), қазақ күресінен республикалық спартакиаданың жүлдегері (1995). Бірнеше дүркін ҚР біріншілігінің, халықаралық турнирлердің жүлдегері болған. Жаңаарқа ауданындағы «Жас сұңқар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің самбо күресінен жаттықтырушысы (2001-2007) болып еңбек еткен. 2007 жылдан дзю-до бөлімінің жаттықтырушысы. Читать далее

Байшолақов Қанат

21.02.2016

baisholakkanatБайшолақов Қанат Сайранұлы – 1961 ж. Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде туған. Дзю-до күресінен Қазақстанның әйелдер құрама командасының бас бапкері. Самбо күресінен қазақ жастары және ересектер арасында тұңғыш Әлем чемпионы. КСРО – ның еңбек сіңірген спорт шебері (1997). Самбо күресінен ҚР-ның еңбек сіңірген жаттығушысы (1998). КСРО құрама командасының мүшесі, жастар арасынан екі дүркін  КСРО чемпионы (1980-1981), екі дүркін Әлем чемпионы (1981, 1984), Еуропа чемпионы (1987), Еуропа

чемпионатының күміс жүлдегері (1982) Читать далее

Байшолақов Талғат

21.02.2016

Байшолақов Талғат Сайранұлы – 1964ж. Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде туған. Самбо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1989). Жамбыл гидромелиоративтік институтын бітірген (1986). Әлем кубогінің жеңімпазы (Сан –Себастян, Испания, 1985). Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (1987). КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы (1981). КСРО кубогінің екі дүркін жеңімпазы (1984, 1986), Қазақстанның 6 дүркін чемпионы. Жамбыл гидромелиоративтік институтында оқушы – жаттықтырушы, Қарағанды облысы «Еңбек резервтері» қоғамында оқытушы – жаттықтырушы (1986 – 96) болып істеді. 1996 Читать далее

Битабаров Шайхымардан

21.02.2016

Битабаров Шайхымардан балуан. Битабар балуанның кенже ұлы. Шайхмардан Ақмоладағы теміржол училищесінде оқып жүргенде, еркін күрестен спорт шебері болған. Шайхмардан 1940 жылы туып, 1990 жылы қайтыс болған. Тепловоз машинисі, аудандық совет атқару комитетінің спорт жөніндегі бөлім меңгерушісі болған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-252 бет.

Биткөзов Диқанбай

21.02.2016

bitkozulyБиткөзов Диқанбай Дүржанұлы балуан. 1941 жылы Жаңаарқа ауданы Ынталы ұжымшарының Белқараған ауылында туған. Мамандығы ғалым – агроном, Алматы ауыл шаруашылығы институтының түлегі. Белгілі балуан, самбо күресінен КСРО спорт шебері (1965), самбодан (1991) және қазақ күресінен (2007) халықаралық  дәрежедегі төреші. ҚР құрметті спорт  қайраткері (2007). ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1980), ҚР-ның еңбек сіңірген мұғалімі (1991). КСРО «Дене тәрбиесі және спорт үздігі» (1980). ҚазКСР оқу – ағарту ісінің үздігі Читать далее

Волобуев Әли – Сұлтан

21.02.2016

alisultanВолобуев Әли – Сұлтан (Сергей)– 1965ж. Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде туған. Қарағанды облыстық «Жас сұңқар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзю-до бөлімінің аға бапкері. Мамандығы инженер – құрылысшы, Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын бітірген (1990). Самбо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1989), қазақ күресінен (1987) және дзюдо күресінен(1993) спорт шебері. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1989), Әлем кубогінің иегері (1992), самбо күресінен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері (1993), Азия чемпионы (1994), ҚР Читать далее

Жарылғапов Ғалым

21.02.2016

zharylgapulyЖарылғапов Ғалым (1939 – 1984) – Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде туған. Қазақ мемлекттік дене тәрбиесі институтын бітірген. Бокстан КСРО спорт шебері, Қаз КСР – ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Қарағанды политехникалық институтының дене тәрбиесі кафедрасында оқытушы, облыстық комсомол комитетінде спорт және қорғаныс – бұқаралық жұмыстары бөлімінің меңгерушісі (1961 – 66), Қарағанды денешынықтыру және спорт техникумының директоры (1966 – 79), Қарағанды облыстық денешынықтыру және спорт комитетінің төрағасы (1979 – 84) қызметтерін Читать далее

Жүнісов Бақтияр

21.02.2016

Жүнісов Бақтияр Сапарұлы -1955ж. Жаңаарқа ауданында туған. «ҚР құрметті спорт қайраткері». Самбо және қазақ күресінен спорт шебері. Алматы қаласындағы дене тәрбиесі және спорт институтын бітірген (1976). №178 кәсіптік –техникалық училищесінің спорт нұсқаушысы (1976 -78), «Жас сұңқар» спорт мектебінің дзю – до күресінің бапкері (1978 – 87), Жаңаарқа аудандық ДОСА – АФ комитетінің төрағасы (1987 -97) қызметтерін атқарған. 2003 жылдан бастап Астана қаласындағы «Жас батыр» спорт кешенінің бастығы. «құрмет белгісі» орденімен Читать далее