Мейізбеков Мерген

21.02.2016

meizbekovМейізбеков Мерген Мәжікенұлы (1953-2006) – Жаңаарқа ауданы Алғабас ауылында туған. Қарағанды дене тәрбиесі техникумын  бітірген (1980). Қазақ күресінен спорт шебері, самбо  күресінен спорт шеберлігіне үміткер. Жаңаарқа аудандық «Жас сұңқар» спорт мектебінде жаттықтырушы (1973-76) болып істеді. 1979 жылдан Алғабас негізгі мектебінде мұғалім болып еңбек етті. Қазақ күресінен оқушылар арасында Республика чемпионы (1970), республикалық біріншіліктің жүлдегері (1974), самбо күресінен бүкілодақтық турнирдің, Мәскеу, Киев, Днепропетровск қалаларында өткен чемпионаттардың жүлдегері (1975-76).

Пайдаланылған Читать далее

Мұқамедин Жалын

21.02.2016

Мұқамедин Жалын. Қазақша күрестен спорт шебері.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жұмаділдин Асан. Жаңаарқа. Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-255 бет.

 

Ізтілеуов Сырым

21.02.2016

Ізтілеуов Сырым Далбайұлы – 1958ж. Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде туған. Қарқаралы зоотехникалық – малдәрігерлік техникумын бітірген (1984). Белгілі палуан, самбо күресінен КСРО спорт шебері. Самбодан Бүкілодақтық турнирдің қола жүлдегері (1978),  күміс жүлдегері (1979), қазақ күресінен Жазылбек Қуанышбаев атындағы республикалық турнирдің жеңімпазы (1979), Қырғызстан республикасы ашық біріншілігінің жеңімпазы (1980), қазақ күресінен Қазақстанның чемпионы (1985), қазақ күресі және самбодан Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері. Жаңаарқа аудандық спорт мектебінде жаттықтырушы (1979-81), Ынтымақ Читать далее