«Бір ел – бір кітап 2017» акциясы

08.12.2017

Жылдағы дәстүр бойынша «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында, биыл «Жыл кітабы – 2017» таңдауы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларына түсті.  Ендеше Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін ел болып оқиық! Қазақ поэзиясының биігіне өрмелеп шыққан ақын ол – Сұлтанмахмұт Торайғыров. Абайдан кейінгі ұлы ақындардың бірі. Ұлт үшін күрескен қайраткер. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы елімізді, ең алдымен, мәдени мұрамызбен, шығармашылық әлеуетімізбен ілгерілетуге үндейді. Сұлтанмахмұт Торайғыров ұлттық идеяның жыршысы. Қай кезді Читать далее

Викториналар

16.06.2016

Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдығы

Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдығына орай викториналық сұрақтар

“Бір ел – бір кітап” 2016. Дулат Бабатайұлы “Өсиетнама”

19.05.2016

akciya

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік – рухани дамуына ықпал жасау.

Ұйымдастыру комиссиясының кезекті отырысында биылғы 2016 жылғы кезекті  жыл кітабы таңдалды. Читать далее

“Бір ел – бір кітап” 2015. Көшпенділер

01.02.2016

IlyasРеспубликалық акция жылдағы дәстүр бойынша өзжұмысын жалғастырады. Қазақ хандығының 550 жылдығы, ЮНЕСКО аясында атап өтілетін І. Есенберлиннің 100 жылдығына орай биыл жаппай оқуға жазушының «Көшпенділер» романы таңдалып алынды. Құрметті сайт оқырмандары сіздерді Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясын оқуға шақырамыз!

«Ілияс Есенберлиннің шығармашылығында атақты «Көшпенділер» трилогиясы негізгі орын алады. Ол эпикалық құлаш-қарымымен, оқиғалардың серпінділігімен, қазақ тарихының жанды әрі қайталанбас тұлғаларының бейнгесімен, тілінің шынайылығымен және айқын-дылығымен ерекшеленеді».