«Бір ел – бір кітап 2017» акциясы

08.12.2017

Жылдағы дәстүр бойынша «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында, биыл «Жыл кітабы – 2017» таңдауы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларына түсті.  Ендеше Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін ел болып оқиық! Қазақ поэзиясының биігіне өрмелеп шыққан ақын ол – Сұлтанмахмұт Торайғыров. Абайдан кейінгі ұлы ақындардың бірі. Ұлт үшін күрескен қайраткер. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы елімізді, ең алдымен, мәдени мұрамызбен, шығармашылық әлеуетімізбен ілгерілетуге үндейді. Сұлтанмахмұт Торайғыров ұлттық идеяның жыршысы. Қай кезді Читать далее

“Бір ел – бір кітап” 2016. Дулат Бабатайұлы “Өсиетнама”

19.05.2016

akciya

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік – рухани дамуына ықпал жасау.

Ұйымдастыру комиссиясының кезекті отырысында биылғы 2016 жылғы кезекті  жыл кітабы таңдалды. Читать далее

“Бір ел – бір кітап” 2015. Көшпенділер

01.02.2016

IlyasРеспубликалық акция жылдағы дәстүр бойынша өзжұмысын жалғастырады. Қазақ хандығының 550 жылдығы, ЮНЕСКО аясында атап өтілетін І. Есенберлиннің 100 жылдығына орай биыл жаппай оқуға жазушының «Көшпенділер» романы таңдалып алынды. Құрметті сайт оқырмандары сіздерді Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясын оқуға шақырамыз!

«Ілияс Есенберлиннің шығармашылығында атақты «Көшпенділер» трилогиясы негізгі орын алады. Ол эпикалық құлаш-қарымымен, оқиғалардың серпінділігімен, қазақ тарихының жанды әрі қайталанбас тұлғаларының бейнгесімен, тілінің шынайылығымен және айқын-дылығымен ерекшеленеді».

«Бір ел – бір кітап» 2014. Сайын Мұратбек «Жусан исі» және «Басында Үшқараның…»

30.01.2016

zapah_polyniҰлттық академиялық кітапханада ү.ж. 4-ші ақпанында 2014 жылы ел болып оқитын кітапты таңдау үшін «Бір ел – бір кітап» акциясын ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті. Биыл сегізінші рет өткізіліп отырған республикалық акцияны ұйымдастыру комитетінің жаңа төрағалығына академик Ғарифолла Есім тағайындалды. Талқылау барысында оқырмандардың ең көп дауысын жинаған Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді», Сайын Мұратбековтың «Басында Үшқараның…», Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты көркем туындылары дауысқа салынды. Жабық дауыс беру Читать далее

«Бір ел – бір кітап» акциясы Ф.Оңғарсынованың «Дауа» кітабын таңдады

30.01.2016

fariza12013 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Фариза Оңғарсованың «Дауа» кітабы оқылады. Бұл туралы бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық  кітапханасында өткен баспасөз маслихатында мәлім болды. Айта кетейік, өткен айда 2013 жылы халық жаппай оқитын кітап таңдау үшін «Бір ел – бір кітап» акциясы ұйымдастыру комитетінің отырысы болып өтті. Мәжіліс қатысушыларына ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Назарбаев орталығының кітапханасы, Облыстық  әмбебап кітапханалар, Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, С.Бегалин атындағы Читать далее

Жылдың ең үздік кітабы анықталды

30.01.2016

434_21c09390997ff2c10d593cf1aa3f9461«Қайдасың,қасқа құлыным!» Оралхан Бөкейдің повесі жылдың ең үздік шығармасы деп танылды. «Бір ел – бір кітап» акциясының ұйымдастыру комитеті осы туындыны 2012 жылдыңжылдық шығармасы деп жариялады. Бұл –кітапсүйер қауымының таңдауы.Қазақстандық оқырманға жүргізілген сауалнама, 10 шығарманы іріктеуге мүмкіндік берген. Ал, сарапшылар туындыларды жан-жақты таразылай келе, дауыс беру арқылы солардың тек біреуін таңдады. Осымен алтыншы мәрте ұйымдастырылып отырған шараның мақсаты – кітаптан алшақтап, интернеттен бас алмай кеткен жастарды ояту. Олардың кітап оқуға Читать далее

“Бір ел – бір кітап” акциясының тарихы

30.01.2016

odna_stranaЖобаның идеясы АҚШ-та өте танымал болған. Бір кітапты жалпы қала болып оқу идеясы АҚШ-тың солтүстік-батысындағы ірі қала Вашингтон штатына қарасты – Сиэтл көпшілік кітапханасының кітап орталығы тарапынан ұсынылған. 1998 жылы «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» тақырыбымен алғаш өткізілген акцияның мақсаты – Сиэтл халқының бірлігін нығайту және оларға оқуды насихаттау. Бұдан соң осыған ұқсас мәдени шаралар ЧикагоБуффалоРочестер  Читать далее

“Бір ел – бір кітап” акциясы туралы ереже

30.01.2016

Оқу адамзаттың жан-жақты да белсенді болуына ықпал ететінін және жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуындағы маңызды функцияны атқаратынын мойындай отырып, қоғамды дамытудағы басым міндеттердің бірі ретінде оқуды қолдауды қарастыра келе, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы «Бір ел – бір кітап» акциясын жыл сайын жүзеге асыруды ұсынады.

  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже «Бір ел – бір кітап» акциясын өткізу тәртібін, мәртебесі мен мақсат-міндеттерін айқындайды.

1.2. Акция мекемесіне жататындар: