«Мәңгілік өшпейтұғын саз қалдырған»

31.05.2021

Түгіскен ауылдық кітапханасы әлеуметтік желідегі инстаграм @tugisken_kitaphana парақшасына 18 мамыр күні Ахмет Жұбановтың туғанына 115 жыл толуына орай «Мәңгілік өшпейтұғын саз қалдырған» атты викториналық сұрақтарды пост ретінде жариялады.  Әлеуметтік желідегі оқырмандар белсенділік танытып, қойылған барлық 9 сұраққа жазба ретінде дұрыс жауаптарын қалдырды. Оқырмандарды белсенділікке, тапқырлыққа баулу мақсатында компазитор Ахмет Жұбановтың өмір жолы, орасан мол еңбектерімен таныстырып өтті.