«Туған жерім – тұнған шежіре»

31.05.2021

Түгіскен ауылдық кітапханасы 12 мамыр күні «Сөз патшасы» әдеби-поэзиялық қызығушылық клубы мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесуге клуб мүшелері жас оқырмандар қатыстырылды Шарафиддин Нұрасыл, Бақытжан Ләззат, Абайқызы Інжу, Нұржанқызы Алуа, Марат Кәусар, Сайлау Аяла. «Ауылым- алтын бесігім» тақырыбында оқырмандар ауылымыздан шыққан ақындар Ғалым Жайлыбаев пен Ақнар Сембайұлының шығармашылығымен, кітаптарымен танысып, туындыларын мәнерлеп оқыды. Кездесу барысында ауылымыздың тарихы таныстырылып, «Туған жерім – тұнған шежіре» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.